Алматы облысының полицейлері мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлердің рухына тағзым етті

Алматы облысының полицейлері мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлердің рухына тағзым етті

Жеңіс күніне орай Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға ардагерлер, облыс әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және өңір тұрғындары қатысты. Жиналғандар бейбіт өмір мен бостандық үшін жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев Ұлы Жеңіс ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихқа құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Алматы облысының полицейлері дәстүрлі түрде осындай тағылымды шараларға қатысып, жеңімпаз ұрпаққа көрсеткен ерлігі, жанқиярлығы және бейбіт аспан үшін шынайы алғыстарын білдіруде.