
Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев облыс әкімімен бірге ішкі істер органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, отставкадағы милиция полковнигі Тәңірберген Толғанбаев Жеңіс күнімен құттықтады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан Тәңірберген Толғанбаевқа ұзақ жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалі табысталды.
Қонақтар ардагерге соғыс жылдарындағы ерлігі мен батырлығы, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы мінсіз қызметі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Тәңірберген Толғанбаевқа зор денсаулық, отбасы амандығы және ұзақ ғұмыр тіледі.
Алматы облысы полиция департаментінде ардагерлерге құрмет көрсету және олардың ерлік жолын ұрпақ жадында сақтау – патриоттық тәрбиенің және ұрпақтар сабақтастығының маңызды бөлігі екені атап өтілді.