Күш, ар-намыс және патриотизм: Қонаевта отан қорғаушылар күніне орай гала-концерт өтті

Күш, ар-намыс және патриотизм: Қонаевта отан қорғаушылар күніне орай гала-концерт өтті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қонаев қаласындағы №4 орта мектепте ауқымды гала-концерт өтті. Іс-шараға әскери-патриоттық сынып оқушылары, олардың тәлімгерлері мен құрметті қонақтар қатысты.

Бұл жарқын шара ерлік, тәртіп және Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз мерекесіне айналды. Концертке Алматы облысы Полиция департаментінің қамқорлығындағы әскери-патриоттық сынып оқушылары қатысты.

– Концерттік бағдарлама барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық нөмірлерін, саптық дайындықтарын және ұйымшылдығын көрсетті. Әрбір қойылым патриотизм рухына, ел тарихы мен оның қорғаушыларына деген құрметке толы болды, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Даурен Құтпанов.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың жауапкершілік сезімін, азаматтық ұстанымын қалыптастырып, Отан игілігі үшін қызмет етуге дайындайды. Полицейлер әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін, ал балалардың мұндай жобаларға қатысуы ел болашағына қосылған маңызды үлес екенін атап өтті.