Профилактика және бақылау: Өңірде жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтар саны азаюда

Профилактика және бақылау: Өңірде жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтар саны азаюда

Алматы облысы Жамбыл ауданында жүргізіліп жатқан рейдтік және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оң динамика байқалуда. Жол-көлік оқиғаларының саны азайып, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар деңгейі төмендегені тіркелді.

Ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Осы бағытта қайғылы жағдайларға алып келетін оқиғалардың азаюы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, жол қозғалысына қатысушылар арасында тәртіпті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Рейдтік іс-шаралар елді мекендерді де, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын автожол учаскелерін де қамтиды.

Тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.