Халық үніне құлақ асатын мемлекет – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізі. Алматы облысында кезекті азаматтарды қабылдау өтті

Халық үніне құлақ асатын мемлекет – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізі. Алматы облысында кезекті азаматтарды қабылдау өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты мен полиция қызметінің ашықтығын қолдау аясында Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев кезекті апталық азаматтарды қабылдауын өткізді.

Кездесу барысында ішкі істер органдарының қызметіне қатысты мәселелермен қатар, құқықтық кеңес пен түсіндіруді қажет ететін өзге де өмірлік жағдайлар бойынша тұрғындардың барлық өтініштері тыңдалды.

– Мұндай қабылдаулар азаматтардың мәселелеріне дер кезінде ден қоюға, қажетті көмек көрсетуге және туындаған сұрақтарды заң аясында шешуге ықпал етеді. Кейбір жағдайларда тұрғындарға полиция құзыретіне тікелей жатпайтын мәселелер бойынша да құқықтық кеңестер берілді, – деді облыстық полиция ведомствосының басшысы Мейрам Әбікеев.

Тұрғындар мұндай өзара іс-қимыл форматын оң бағалап, ашықтықты, қолжетімділікті және диалогқа дайындықты атап өтуде. Дәл осындай жеке қабылдаулар арқылы адамдардың мәселелерін тереңірек түсініп, қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік туады.

Бүгінгі қабылдаудың қорытындысы бойынша барлық жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді. Әрбір өтініш одан әрі сүйемелдеу және заңнамада белгіленген тәртіппен шешу үшін жеке бақылауға алынды.