
Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын интернет желісі арқылы насихаттау және қоғамдық орындарға жарнамалық жазбалар (граффити) салу дерегін анықтады.
Анықталғандай, күдіктілердің бірі белгісіз кураторлардың нұсқауы бойынша есірткі түріндегі сыйақы алу үшін тыйым салынған интернет-ресурс туралы ақпаратты елді мекен аумағында граффити арқылы таратып отырған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ, бұл интернет-ресурстың есірткі заттарын заңсыз таратуға және жаңа тұтынушыларды тартуға пайдаланылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары есірткі құралдарын насихаттау және тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.