
Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жалғасуда, соның аясында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілуде. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Тоқта, құқық бұзушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараны барынша қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де патрульдік нарядтар тартылған. Басты назар көлік қозғалысы қарқынды және халық тығыз орналасқан аумақтарға аударылуда, мұнда апатты жағдайлардың туындау қаупі жоғары. Мұндай тәсіл құқық бұзушылықтардың жолын жедел кесуге мүмкіндік береді.
Рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуде. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты арттыру және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану фактілері анықталуда.
Осылайша, бір тәулікте облыс бойынша 882 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Арнайы айып тұрағына 25 көлік қойылды, оның ішінде шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар бір автокөлік бар. Сонымен қатар 18 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тәркіленді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ жолдарда құқыққа бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.