ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ — ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Бүгін Халық Қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың 55 жылдығына орай Алматы облысында жүрекке жылы тиер тағылымды іс-шара өтті. Батырдың ерлігі — бір күннің ғана емес, тұтас ұлттың жадында мәңгі сақталатын ұлы өнеге.

Қызметтік борышына адалдық танытып, ел тыныштығы үшін жанын қиған қаһарманның рухына қатысушылар, «Жас сақшы» сыныбының оқушылары мен ардагерлер гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Сол бір сәтте әр жүректе батырдың бейнесі, ерлікке толы ғұмыры мен қайсар рухы қайта жаңғырды.

Еске алу шарасы ұрпақ пен өткеннің арасын жалғаған тағылымды сәтке айналды. Бұл — батыр есімінің ұмытылмай, уақыт өткен сайын биіктей түсетінінің айғағы.

Мұндай тағылымды кездесулер — ерлік пен елге деген сүйіспеншілікті жүрекке сіңіріп, жас буынға Отанға адал қызмет етудің асыл үлгісін көрсетеді.