АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 28 наурызда Қапшағай су қоймасында полиция қызметкерлері мен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен дәстүрлі республикалық «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балық ресурстарының табиғи көбеюіне және олардың еркін көшуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ су айдындарын тасталған ау құралдарынан, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту.

Акцияға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері және балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері де қатысты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде су айдындарынан шамамен 15 шақырым тасталған балық аулау торлары мен басқа да ау құралдары шығарылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу су айдындарының экожүйесін сақтауға және табиғатты пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.