
Жамбыл ауданы Полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы, полиция капитаны Сәкен Тұрсынәліұлы Әжібеков өз қызметін жоғары жауапкершілікпен атқарып келе жатқан білікті маман. Ол құқық қорғау саласында жинақтаған тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында әріптестері арасында құрметке ие болып, азаматтардың сенімін қалыптастыра білді.
Қызмет барысында Сәкен Тұрсынәліұлы қылмыстық істер бойынша жан-жақты, объективті және заң талаптарына сай тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізеді. Әрбір іс бойынша дәлелдемелерді мұқият зерделеп, процессуалдық шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ерекше мән береді.
Тұрғындар оның сабырлы мінезін, әрбір азаматқа түсіністікпен қарай білетінін және кез келген мәселені заң аясында шешуге ұмтылатынын атап өтеді. Анықтаушы тек қылмысты ашумен ғана шектелмей, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында да белсенді жұмыс жүргізеді.
Ол азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, олардың арыз-шағымдарын дер кезінде қарап, жедел шешім қабылдауға тырысады. Сонымен қатар, заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Сәкен Тұрсынәліұлы Әжібеков өз қызметінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа алып, қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайтуға сүбелі үлес қосып келеді.