АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Алматы облысы аумағында 26-29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

Іс-шара аясында өңірдегі қылмыстық ахуалға талдау жүргізіліп, жергілікті ерекшеліктер ескеріле отырып, алдын алу бағытындағы кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді. Ұйымдастыру және бақылау жұмыстарын тиімді жүргізу үшін әрбір учаскелік полиция пунктіне жауапты қызмет басшылары бекітілді.

Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары күшейтілді. Атап айтқанда, «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «маскүнемдікке бейім», «нашақорлыққа тәуелді» және «қолайсыз отбасы» санаттарына жататын тұлғалар толық қамтылып, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Мұндай шаралар өңірдегі қоғамдық тәртіпті нығайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.