АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТАЗАРУ КҮНІ АЯСЫНДА ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТАЗАРУ КҮНІ АЯСЫНДА ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Наурызнама мерекесі және Тазару күні аясында Алматы облысының полиция қызметкерлері облыс орталығында игі іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның негізгі бағыттарының бірі – қарттар үйінің аумағын тазарту болды.

Полицейлер мекеме аумағын ретке келтіріп, аулаларды қоқыстан тазартты, ағаштарды әктеді, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Аталған акция қарттардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға ғана емес, сонымен қатар қамқорлық, құрмет және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қызметкерлердің айтуынша, мұндай бастамалар Наурыз мейрамы кезінде – жаңару, бірлік пен өзара көмек кезеңінде – игі дәстүрге айналған. Тазару күні қоршаған ортаны жақсартуға және рухани құндылықтарды нығайтуға деген ұмтылысты білдіреді.

Қарттар үйінің тұрғындары полицейлерге көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін алғыс білдірді. Олардың айтуынша, мұндай кездесулер көңіл-күйді көтеріп, қоғам тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндіреді.