
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттары мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында кезекті апталық азаматтарды қабылдау кездесуін өткізді.
Әдеттегідей, қабылдауға келген облыс тұрғындарының қылмыстық істерге қатысты түрлі мәселелері қаралды. Өз мәселелерін шешу үшін өңірдің әртүрлі аудандарынан азаматтар жүгінді.
Кездесу жеке қабылдау форматында да, онлайн режимде де өтті. Мұндай тәсіл барлық азаматтар үшін диалогқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, соның ішінде әртүрлі себептермен жеке келе алмайтын тұрғындар үшін де ыңғайлы.
Ешбір өтініш назардан тыс қалмайтынын атап өту қажет. Азаматтар көтерген барлық мәселелер жеке бақылауға алынып, заңнама талаптары мен белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалатын болады.