
14 наурыз – Көрісу күніне орай Іле ауданы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ертіс Еркінұлы Тоқтаров аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ерекше құрмет көрсетті.
Мереке аясында басқарма басшысы Іле ауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, бүгінде ғасыр жасаған қария Толғанбаев Тәңірберген атаның шаңырағына арнайы барып, ақсақалды Көрісу күнімен құттықтады.
Кездесу барысында ардагерге ізгі тілектер айтылып, құрмет көрсетілді. Полиция қызметкерлері қарияның батасын алып, оның өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбегіне тағзым етті.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың ерлігі мен еңбегін жастарға үлгі ету, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді дәріптеу.
Айта кетейік, Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдіреді.