
Алматы облысы Талғар ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері облыс аумағында аса ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топты құрықтады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Талғар ауданы Бесағаш ауылында орналасқан автосалонынан Changan CS55 Plus маркалы автокөлікті ұрлап, меншік иесіне аса ірі көлемде материалдық шығын келтірген.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлердің әрекеті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып, олардың қозғалыс бағыты белгіленді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды – деді тәртіп сақшылары.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында ұрланған автокөлік Түркістан облысы Жетісай қаласының аумағынан табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары азаматтарды кез келген құқық бұзушылық немесе күдікті жағдайлар туралы дер кезінде полицияға хабарлауға шақырады.