АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Алматы облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 10–13 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық орындарда патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

– Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің жолы кесілді. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқарудың 144 дерегі, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 59 фактысы, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 572 дерегі, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың ережені бұзуының 4391-і анықталды – деді полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.