АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ТӘЛІМГЕРЛЕРІ SDU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ТӘЛІМГЕРЛЕРІ SDU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қарасай ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Алматы облысы Полиция департаментінің тәлімгерлері Suleyman Demirel University студенттерімен кездесу өткізді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, полиция мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.

– Кездесу барысында студенттерге полиция қызметі, ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға қойылатын талаптар туралы айтылды. Сонымен қатар заңдылықты сақтау, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені атап өтілді. Полиция қызметкерлері күн сайын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға бағытталған қызмет атқарады.

Кездесу барысында студенттер ішкі істер органдарындағы қызметке қызығушылық танытып, қызметке қабылдану тәртібі, кәсіби даярлық және мансаптық мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды. Ал тәлімгерлер өз кезегінде қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, жауапкершілік, тәртіп және таңдаған мамандыққа адалдықтың маңыздылығын атап өтті.