АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ-ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАРУДАН АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӘЙЕЛ-ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҚАРУДАН АТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы облысында әйел-полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өтті.

Іс-шара қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, кәсіби шеберлікті жетілдіру және ішкі істер органдарындағы әйелдердің қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа облыстың түрлі полиция бөлімшелерінен келген қызметкерлер қатысып, жоғары мергендік, төзімділік және табельдік қаруды сенімді меңгеру қабілеттерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші құрметті орынды Еңбекшіқазақ ауданы Полиция басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ильдана Даутова иеленді. Екінші орын Еңбекшіқазақ ауданы ПБ Шелек полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Асель Таукеноваға бұйырды. Үшінші орынды Алатау қаласы полиция бөлімінің қызметкері, полиция сержанты Ляззат Қоспақова иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әйел-полицейлер ерлермен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде абыроймен қызмет атқарып, жоғары кәсібилік пен таңдаған мамандықтарына адалдық танытып келеді.