
Алматы облысы Полиция департаментінде бөлімше басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті. Бес күнге созылған оқу бағдарламасы басқарушылық қабілеттерді жетілдіруге, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және заманауи талаптарға сай тиімді шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Курс М.Есболатов атындағы Алматы академиясы мобильді академиясы аясында ұйымдастырылды. Оған аумақтық және көліктегі полиция департаменттерінің 22 басшысы қатысты. Сабақ барысында басқару психологиясы, кадрлық жұмыс және көшбасшылық мәселелері қамтылды.
Дәрістерді тәжірибелі мамандар жүргізді. Атап айтқанда, ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің өкілі, отставкадағы полиция полковнигі Болат Қойшыбайұлы Каженов және академия кафедрасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрсұлу Изатқызы Ибраимова тыңдаушылармен тәжірибе бөлісті.
Мұндай оқу курстары басқарушы құрамның кәсіби деңгейін арттыруға және полиция қызметінің тиімділігін нығайтуға ықпал етеді.