ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІНІҢ ЖАҢА СЫНЫБЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІНІҢ ЖАҢА СЫНЫБЫ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Талғар ауданы Панфилово ауылындағы №33 орта мектепте полицияның жас көмекшілерінің жаңа сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Жоба «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіп пен белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталған.

Бейіндік сынып құрамына әртүрлі жастағы 36 оқушы қабылданды. Оқушылар құқықтық дәрістер мен профилактикалық сабақтарға қатысып, полиция қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың, буллинг пен киберқауіптердің алдын алу шараларына атсалысады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – заңға құрметті қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және қоғамдық қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілік сезімін нығайту. Сонымен қатар мектеп, ата-аналар және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше мән беріледі.

Полицияның жас көмекшілері қоғамдық-профилактикалық жұмыстарға, волонтерлік бастамаларға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.

Ант қабылдау рәсімі Талғар ауданы аумағында «Заң мен тәртіп» жобасын іске асырудың маңызды кезеңіне айналып, полиция мен өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтудың кезекті қадамы болды.