ЗАҢ МЕН ТӘРТІП. «ТАСЫМАЛДАУШЫ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП. «ТАСЫМАЛДАУШЫ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ

20–24 ақпан аралығында Алматы облысының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеке тасымалмен айналысатын көлік құралдарын, такси қызметін, сондай-ақ тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустарды тексеруде. Рұқсат құжаттарының болуы, автокөліктердің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауы, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактілері ерекше бақылауға алынған.

Сонымен қатар жүргізушілермен заңнама талаптарын түсіндіру және Жол қозғалысы қағидаларын бұзуға жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Полиция тасымалдаушылар мен жүргізушілерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және жолаушылар қауіпсіздігі олардың күнделікті қызметіндегі басты басымдық екенін естен шығармауға шақырады.