
2026 жылғы 13 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Отбасын қолдау орталығында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың, білім беру ұйымдарының, прокуратура, сондай-ақ Алматы облысы Полиция департаменті тергеу басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара «Сталкингті тоқтат — қауіпсіздік әр адамның құқығы» және «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы» тақырыптарына арналды. Кездесудің негізгі мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сталкингтің алдын алу тетіктері, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың себептері мен салдары, жәбірленушілерге көрсетілетін психологиялық және құқықтық көмек мәселелерін кеңінен қарастырды. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстарды күшейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру жолдары ұсынылды.
Шараға қатысушылар мұндай кездесулердің қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.