
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қарасай ауданының полиция қызметкерлері кез келген жағдайда азаматтарға жедел көмек көрсетуге дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Боранбаев Азамат Романұлы қызмет барысында №5 бағыттағы автобусқа қатысты туындаған жағдайға дер кезінде назар аударды. Қоғамдық көлік жолда кептеліп қалып, жолаушыларға қолайсыздық тудырған.
Полиция қызметкері жедел әрекет етіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Оның сауатты әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында автобус қозғалысы қалпына келтіріліп, жағдай толық бақылауға алынды.
Оқиға орнында Азамат Романұлы тәртіпті ұйымдастырып, жолаушыларға мән-жайды түсіндірді. Кәсібилік пен сабырлылық танытқан полиция қызметкеріне жолаушылар алғыс білдірді.
Мұндай әрекеттер полицияның тек құқықтық тәртіпті сақтаумен ғана шектелмей, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да ерекше мән беретінін көрсетеді.