ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарасай ауданының «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шараны Қарасай ауданы полиция басқармасының капитаны Шеттикбаев Мадияр Чаймергенұлы жүргізді. Кездесу барысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оларды заңды құрметтеуге, жеке жауапкершілікті сезінуге және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты мысалдар келтіріліп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар жас буынның саналы әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.