
Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кешкі мектептің оқушыларымен профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, жеке деректерді қорғау тәсілдері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз әрекеттерге тартылу қаупі туралы айтты. Сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне және тыйым салынған контентті таратқаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері оқушыларды есірткі құралдарының заңсыз айналымының салдары, оларды сақтау, тарату және пайдалану үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы хабардар етті. Сонымен қатар интернет алаңдар арқылы жастарды есірткі бизнесіне тарту тәсілдері мен мұндай қауіптерге қарсы тұру жолдары түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға заңдылықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығы ескертілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті жауап алды.
Осындай профилактикалық кездесулер «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында тұрақты түрде өткізіліп, жастардың құқықтық мәдениеті мен жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.