ЕСІРТКІ ЖӘНЕ КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДЕ

ЕСІРТКІ ЖӘНЕ КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУДЕ

Алматы облысы ПД «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау, оның ішінде ел аумағында есірткі өндірісі мен таралуының алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Есірткінің заңсыз айналымымен қатар, күшті әсер ететін заттардың таралуын шектеу бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап азот тотығын қоса алғанда, «күлдіретін газ» атауымен танымал заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

ІІМ күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау және өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейін барлық кезеңде қатаң бақылауда болатынын ескертеді.

Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ведомствоның басты басымдығы болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.