АТА-АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАРҒА КИБЕРАЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АТА-АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАРҒА КИБЕРАЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖӘНЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып «Заң мен тәртіп» қағидасы негізінде республикалық «ANTI-FRAUD» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мектеп оқушыларының ата-аналары мен ұстаздарына арналған түсіндірме сабақтарын өткізді.

Іс-шара Қонаев қаласындағы №2 орта мектебінде өтті. «Цифрлық қауіпсіздік. Интернет алаяқтарынан қорғану жолдары және есірткінің зардабы мен зияны» тақырыбында өткен дәріске 50-ге жуық ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

Шара барысында мамандар интернеттегі алаяқтық әрекеттердің жаңа түрлері туралы айтып, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақ болу, күрделі парольдерді қолдану және екі факторлы аутентификацияны орнатудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, дәріс барысында есірткі қолданудың денсаулыққа, қоғамға және болашаққа тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыстық схемалардың басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға да таралу қаупі бар екенін ескертеді. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындарды цифрлық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, интернет алаяқтарының айласынан сақ болуға және кибергигиена ережелерін ұстануға шақырады.