ӘР АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ӘР АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы кезекті рет азаматтарды қабылдап, мәселесінің шешілуіне сеп болды. Кездесу жүзбе-жүз, әрі онлайн режимде ұйымдастырылды. Қала тұрғындарымен қатар, шалғай аймақтағы тұрғындардың да өтініштері қаралды.

Қабылдау барысында қылмыстық істерді тергеу және тергеу бөлімшелерінің қызметіне қатысты мәселелер көтерілді. Әрбір өтінішке нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы департамент басшылығының тікелей бақылауында болатыны айтылды.

– Ашықтық, шынайылық және халықпен кері байланыс – біздің басты қағидатымыз. Біз тек тыңдап қана қоймай, мәселелерді бірге шешуге тырысамыз. Полицияның есігі әрдайым ашық, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Ыңғайлы форматтағы азаматтарды қабылдау шарасы әрдайым тұрақты түрде өткізіліп, құқықтық тәртіпті нығайту мен қоғаммен кері байланысты дамытудағы маңызды жұмыс болып қала береді.