АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «СТОП АЛКОГОЛЬ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «СТОП АЛКОГОЛЬ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Алматы облысында ағымдағы жылдың 14–17 қаңтар аралығында аудан аумағында «СТОП Алкоголь» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін арттыру.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын сауда нысандарына тексеру жүргізіп, лицензиялардың болуы, алкоголь өнімдерінің ресми өндірушілерден алынуы, сақтау және сату талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда.

Қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйінде болу және спирттік ішімдіктерді тұтыну көптеген құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуына себеп болатынын ескере отырып, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатуға қойылған шектеулер ауыр және аса ауыр қылмыстардың, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында енгізілген.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлес қосуға шақырады.