АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ҚАРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 9–12 қаңтар аралығында Алматы облысының аумағында «Қару» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды анықтап, тәркілеуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында 184 полиция қызметкері жұмылдырылды, олардың қатарында криминалдық полиция, қоғамдық қауіпсіздік қызметі және әкімшілік полиция өкілдері болды.

ЖПІШ аясында қару айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, қару сататын мамандандырылған дүкеннің, шаруа қожалықтарының, сондай-ақ азаматтық қару иелері болып табылатын жеке тұлғалардың қызметі тексерілді.

Тексеру нәтижесінде 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды.

Алматы облысы Полиция департаменті қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын сақтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салады.