АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЫСБЕК ОЛЖАС РЫСБЕКҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РЫСБЕК ОЛЖАС РЫСБЕКҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Алматы облысының Балқаш ауданында Полиция департаменті бөлімшелері арасында Рысбек Олжас Рысбекұлын еске алуға арналған волейбол турнирі өтті. Спорттық шараға департаменттің 12 командасынан 100-ден астам қызметкер қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Турнир барысында командалар бірлік пен шеберлікті, тәртіп пен әділ ойын принциптерін танытты. Қызу тартыс нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – Ұйғыр АПБ
2 орын – Еңбекшіқазақ АПБ
3 орын – Кеген АПБ

Сонымен қатар үздік ойыншылар бірнеше номинация бойынша марапатталды:
1. Қарасай АПБ – Абдуллаева Зарина Алмасовна
2. Еңбекшіқазақ АПБ – Саясат Саят Бәкелдіұлы
3. Райымбек АПБ – Рахимжанов Райымбек
4. Жамбыл АПБ – Муса Ерғали Жайлаулы
5. Балқаш АПБ – Абил Абылай Абилұлы
6. Талғар АПБ – Нұрахметов Дархан

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спорт арқылы полиция қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

Шара соңында қатысушылар Рысбек Олжас Рысбекұлының қызметтегі еңбегі мен жарқын бейнесін еске алып, турнирдің дәстүрлі түрде жалғасатыны атап өтілді.