ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ №3 МЕКТЕБІНДЕ КИБЕРПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗДІ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ №3 МЕКТЕБІНДЕ КИБЕРПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗДІ


Қонаев қаласының №3 мектебінде Алматы облысы Полиция департаменті, Қонаев Қаласының Прокуратурасы және Алматы облысы Жастар саясаты қызметкерлері жоғары сынып оқушыларына түсіндіру дәрістерін өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерді цифрлық қауіпсіздік ережелеріне үйрету және интернет-алаяқтықтың алдын алу.

Полиция мен Прокуратура қызметкерлері алаяқтар сыйлық, ұтыс немесе «досынан келген хабарлама» түрінде фишингтік және зиянды сілтемелерді жиі таратып, жалған сайттар арқылы жеке деректерді жинайтынын атап өтті.

Оқушыларға мұндай схемалардың басты мақсаты – жеке мәліметтерді ұрлау, аккаунттарды бұзу және құрылғыларға рұқсатсыз қол жеткізу екені түсіндірілді. Қауіптердің алдын алу үшін оқушыларға келесі қауіпсіздік шаралары еске салынды:
— күмәнді сілтемелерге өтпеу;
— сайттардың шынайылығын тексеру;
— SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу;
— мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде екі факторлы аутентификацияны қолдану;
— құпиялылық баптауларында кіріс хабарламаларды шектеу.

Киберполиция қызметкерлері мұндай профилактикалық жұмыстардың оқу орындарында жүйелі түрде жүргізілетінін және олардың мақсаты – балаларды онлайн-қатерлерден қорғау екенін атап өтті.