ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Қонаев қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жол және арнайы кәсіпорындардың алдағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Іс-шара барысында арнайы техниканың техникалық жағдайы, мұз тайғанақта жолдарды өңдеуге арналған құм-тұз қоспалары мен реагенттердің жеткіліктілігі тексерілді. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыз жағдайында тәулік бойы кезекшілік атқаратын бригадалардың дайындық деңгейі бағаланды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері атап өткендей, бұл тексерістің басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы уақытта қалалық қызметтердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру.

– Негізгі мақсат – ауа райының күтпеген өзгерістеріне барлық жауапты құрылымдардың дер кезінде әрекет етуге дайын болуын қамтамасыз ету. Қар жауған немесе мұз қатқан жағдайда коммуналдық қызметтер жолдарды тазалау мен өңдеу жұмыстарын жедел атқарып, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлік пен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуі қажет, – деп атап өтті полиция өкілдері.

Мұндай тексерістер тұрақты түрде өткізіліп, Полиция департаменті басшылығының бақылауында болады.