ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндері Талғар ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында 1840 жеке тұрғын үй, 29 шаруа қожалығы, қыстақтар және өзге де нысандар тексерілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бағытында екі күн ішінде 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 18 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды, 10 автокөлік, оның ішінде шетел азаматтарына тиесілі 2 мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды.

Сонымен қатар 78 қару иесі тексеріліп, оларға қаруды сақтау тәртібін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер барлық мал базарларын және мал сою бекеттерін тексеріп, азаматтармен профилактикалық әңгімелер өткізді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша 10 құқық бұзушылық анықталды.

Бұдан бөлек, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылды.

Өткізілген іс-шара жергілікті деңгейде профилактикалық жұмысты күшейтуге, халық арасында заңға бағынушылық деңгейін арттыруға және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді. Полицейлер мұндай тексерулердің тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.