АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖАСЫРЫН ПАТРУЛЬДЕУ ӘДІСІН БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНУДА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖАСЫРЫН ПАТРУЛЬДЕУ ӘДІСІН БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНУДА

Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауынан туындайды. Осыған байланысты Алматы облысының полицейлері жолдағы бақылауды күшейтіп, жасырын патрульдеу әдісін қолдануда.

Тек 3-і мен 10 қазан аралығында тәртіп сақшылары 13 мыңнан астам құқық бұзушылықтың алдын алды. Алматы облысының полиция департаментінде атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – жазалау емес, алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

– Басты міндет – жол-көлік оқиғаларын азайту және адам өлімінің алдын алу. Біз жүргізушілердің ережелерді жазадан қорыққаннан емес, қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінгендіктен сақтауын қалаймыз, – деп атап өтті ведомствода.

Бүгінде облыс бойынша жасырын патрульдеуге арналған 10 арнайы автокөлік жұмыс істеп тұр. Олар фото және бейнефиксация техникалық құралдарымен жабдықталған, бұл құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және жолдағы жағдайға профилактикалық әсер етуге мүмкіндік береді.

Облыс полициясы жол қозғалысына қатысушылардың барлығын мұқият болуға, жол ережелерін сақтауға және жолдағы қауіпсіздік – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз екенін есте сақтауға шақырады.