АШЫҚТЫҚ ПЕН ДИАЛОГ ПРИНЦИПТЕРІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗДІ

АШЫҚТЫҚ ПЕН ДИАЛОГ ПРИНЦИПТЕРІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУДЫ ӨТКІЗДІ

Ашық әрі тыңдай білетін мехалық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев кезекті апталық азаматтарды қабылдау шарасын өткізді. Өңір тұрғындары жеке мәселелері мен ұсыныстарын жеткізіп, сұрақтарын тікелей жолдау мүмкіндігіне ие болды.

Барлық өтініштер ведомство басшысының жеке бақылауында. Облыстың бас полицейі атап өткендей, халықпен шынайы диалог орнату, ашықтық және өзара ынтымақтастыққа дайын болу – құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтудың басты қағидаттары.

– Бүгінгі қабылдаудың ерекшелігі – азаматтардың бірі шағым емес, алғысын білдіріп келді. Ол күрделі өмірлік жағдайда кәсіби көмек көрсеткен тергеушіге шын жүректен алғысын білдірді. Бұл – полиция қызметкерлерінің адамгершілігі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы халық тарапынан жоғары бағаланатынының тағы бір дәлелі, – деді полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.

Мұндай кездесулер халықтың мұң-мұқтажын тыңдауға, көмек көрсетуге және полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.