ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕН ТҰРҒЫНҒА ҚҰЖАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕН ТҰРҒЫНҒА ҚҰЖАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев жеке куәлігіне алғашқылардың бірі болып онлайн өтініш берген тұрғынға құжатын ресми табыстады. Бұл – ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлесіп енгізген жаңа цифрлық сервисті сәтті қолданудың алғашқы мысалдарының бірі болды.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев құжатын алуға келген Борис Николаевичті құттықтап, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтті.

– Құрметті, Борис Николайұлы! Сіз – Алматы облысында алғашқылардың бірі болып, цифрлық сервисті пайдаланып, жеке куәлікті онлайн түрде рәсімдеген азаматсыз. Сізге жаңа құжатыңызды салтанатты түрде табыстай отырып, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң мен тәртіпке бағынуы тиіс екенін ескерткім келеді, – деп атап өтті М.Әбікеев.

Жеке куәлікке өтініш берудің онлайн қызметін енгізу мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жолындағы маңызды қадам болды. Енді азаматтар құжатты үйден шықпай-ақ – egov.kz порталы немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы ала алады.

Айта кету керек, жеке куәлік иесі бере алады. Өтінішті онлайн бергеннен кейін азамат құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алады және оны 15 жұмыс күні ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе уәкілетті органнан ала алады.

Бұл жаңашылдық уақытты үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік органдардың жүктемесін азайтып, жеке куәлік алу үдерісін әрбір азамат үшін ашық, ыңғайлы және қолжетімді етеді.