АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ КЕЗЕКТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Халықтың сенімі мен полицияның ашықтығын арттыру мақсатында Алматы облысы Полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Қабылдау барысында азаматтардан келіп түскен өтініштер қылмыстық істердің тергелу барысына, процессуалдық әрекеттердің заңдылығы мен объективтілігіне, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің өтініштерге уақтылы әрекет етуіне қатысты болды.

Әрбір өтініш бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Барлық көтерілген мәселелер облыстық департамент басшылығының жеке бақылауына алынды.

Мұндай кездесулер – полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі. Олар азаматтардан келіп түскен өтініштерге жедел әрекет етуге, мәселелерді ашық диалог форматында анықтауға және заңдылық пен әділдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Алматы облысы Полиция департаменті азаматтарды тұрақты түрде қабылдау тәжірибесін жалғастырып, алдағы уақытта да ашықтық, айқындық және халықпен кері байланыс ұстанымдарын берік ұстанатын болады.