МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҚЫЗМЕТ ЖҮРЕГІНДЕ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КҮНІН ӘНҰРАН ОРЫНДАУМЕН БАСТАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҚЫЗМЕТ ЖҮРЕГІНДЕ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КҮНІН ӘНҰРАН ОРЫНДАУМЕН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Алматы облысының ішкі істер органдарындағы қызмет патриотизм мен антқа адалдықты ерекше атап өтуден басталды. Облыстың барлық бөлімшелерінде, оның ішінде патрульдік полиция батальонында да таңғы саптық жиын Мемлекеттік Әнұранмен өтті.

Әнұранның шырқалуы – Отан алдындағы асқақ борышты еске салатын ерекше белгіге айналды. Елдің басты әні орындалғанда полицейлер сап түзеп, өз ісіне, халқына және ұлттық құндылықтарға адал екендерін білдірді.

– Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана атрибут емес. Бұл – біздің абыройымыз, тарихымыз және жауапкершілігіміз. Әрбір полицей тек тәртіпті емес, сонымен бірге мемлекетіміздің іргетасын қорғап жүргенін терең сезінеді, – деп атап өтті ведомствода.

Осындай іс-шаралар өңірдегі барлық аудандық полиция басқармаларында өтті, бұл патриоттық рухтың біртұтас көрінісіне айналды.

Кезекшілік басталар алдында Әнұранды орындау – жай ғана рәсім емес, бұл жеке құраммен жүргізілетін идеологиялық жұмыстың маңызды бөлігі. Ол жоғары моральдық рухты қалыптастырып, Отан алдындағы борыш сезімін нығайтады.