ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісімімен, Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Жамбыл ауданы Полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Берік Қапасов тағайындалды.

Полиция подполковнигі Берік Серікұлы Қапасов 1989 жылы Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2007 жылы бастаған. Қызмет барысында Алматы облысында және Алматы қаласында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Жаңа тағайындауға дейін ҚР ІІМ Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Облыстық департамент басшысы Мейрам Әбікеев жұмыс бағыттарының басымдықтарын айтып, халықпен ашық диалог орнату, сенімді нығайту және заңдылықты қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап көрсетті.