ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Все материалы
19 июня 2025
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 12-30 маусым аралығында Алматы облысы аумағында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара аясында облыс тұрғындарына интернет-алаяқтықтың түрлері мен одан қорғану жолдары жөнінде кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шара шеңберінде Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы Қонаев қаласы полициясымен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Саптық тарату барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері, жалған банк қызметкерлері арқылы жасалатын алаяқтық, фишингтік сайттар, инвестициялық және онлайн сауда платформалары арқылы жасалатын қылмыстар жайлы толыққанды ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Қонаев қаласындағы «Су арнасы» мекемесінде де арнайы кездесулер өткізіп, мекеме қызметкерлеріне киберқылмыстың алдын алу, алаяқтардың айла-тәсілдері және жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер айтты.

Полиция қызметкерлері азаматтарды бейтаныс сілтемелерге өтпеуге, күмәнді қоңырауларға сенбеуге, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде тұлғаларға бермеуге шақырады.

19 июня 2025
БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ БІРНЕШЕ ФАКТІСІН АШТЫ

Балқаш ауданының полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ірі қара мал ұрлығына қатысы бар үш күдікті ұсталды.

Ауқымды жедел іс-шаралардың басталуына жергілікті тұрғынның мал жоғалғаны жөнінде жасаған арызы себеп болды. Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктілер бес ұрлық фактісі бойынша кінәсін мойындады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған мал саны – 46 бас, келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңгеден асады.

– Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары азаматтарға мүліктерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдаудың, оның ішінде бейнебақылау камераларын орнату мен жайылымдарды бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді.

18 июня 2025
БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚАРАУСЫЗ ЖАЙЫЛАТЫН МАЛҒА ҚАТЫСТЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

Жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында Балқаш ауданының полиция қызметкерлері төрт түліктің еркін жайылуын бақылауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейтті.

Рейд барысында жол бойында немесе автожолға жақын маңда қараусыз жүрген ірі қара мал анықталады. Мұндай бақылаусыз жайылым жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қоймай, мал ұрлығы қаупін де арттырады.

Анықталған қараусыз мал арнайы қоршауларға орналастырылады. Кейін полиция қызметкерлері мал иелерін анықтап, оларды жайылым ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартады.

Сонымен қатар, профилактика аясында полиция қызметкерлері ауыл әкімдіктерімен және шаруа қожалық иелерімен бірлесіп, малға жарық шағылыстыратын элементтері бар арнайы қарғыбау тағу жұмыстарын қолға алды. Бұл түнгі уақытта жүргізушілердің жолдағы малды алыстан байқап, соқтығысу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Полиция тұрғындарды мал ұстау ережелерін сақтауға шақырып, келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін сақ болуға үндейді.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІ АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ «ҮЗДІК ЕҢБЕК АДАМЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақаласындағы идеяларды насихаттауға арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты салтанатты конференция өтті. Іс-шара аясында қоғамның дамуына және мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында – Алматы облысының полиция қызметкері Икрамов Мадали Тимурұлы бар. Ол «Үздік еңбек адамы» атты жоғары республикалық марапатқа ие болды. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом мен естелік медаль табысталды.

Аталған сыйлық адал қызметі, кәсібилігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны үшін беріледі. Мадали Икрамов – құқық қорғау жүйесіне халықтың сенімін нығайтатын, адал еңбегімен көзге түскен азаматтардың жарқын үлгісі ретінде танылды.

Марапаттау рәсіміне білім беру, денсаулық сақтау, әскер, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Бұл шара елімізді күн сайын нығайтып жүрген қарапайым, бірақ елжанды азаматтардың еңбегіне деген құрметтің айғағы болды.

Мадали Тимурұлы – ішкі істер органдарының жас қызметкерлері үшін үлгі болатын тұлға. Ол өз ісіне деген адалдығымен және Отанға деген сүйіспеншілігімен қандай да болсын еңбек еленетінін дәлелдеді.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жергілікті полиция қызметі басқарма басшысының орынбасары Берік Дакеев республикалық арнаға жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы сұхбат берді.

– Қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен білім беру бөлімінің және психолог мамандармен бірге кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Кездесу барысында біз олардың ата-аналарына заңдағы баптарды ескертіп, ашық диалог жүргіземіз. Қауіпті топтағы балаларды ерте анықтау үшін де бірлесе жүйелі жұмыс істеудеміз,– деп атап өтті полиция өкілі.

Айта кетейік, кәсіби бағдар жұмысы аясында Алматы облысының полицейлері тұрақты түрде мектептер мен колледждерге барып, мамандармен бірге кездесу өткізеді. Жасөспірімдерді игі істерге баулу үшін тек ресми шаралар ғана емес, полицейлер түрлі викториналар, қызықты интеллектуалды ойындарды да ұйымдастырады.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МОПЕД КӨЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ

Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасының өкілдері процессингтік орталығы және жедел-криминалистика басқармасы қызметкерлерімен бірлесе мопед сататын барлық дүкен сөрелеріндегі мопед көліктерін тексерді. Сатылымдағы барлық мопедтің заңды құжаттары бар, арнайы VIN нөмірлері енгізілген.

– 2025 жылдың 5 сәуірі мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілген күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі,–деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Кегенбаев.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 1761 мопед тіркеуге қойылды. Азаматтармен мопед көліктерін тіркеуге қоюға бүгінгі күні еш кедергі жоқ, ақпараттық жүйелер қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Алматы облысы аумағында заңнамалық өзгерістерге наразылық тудыру жағдайлары болған жоқ. WhatApp, Telegram және т.б. әлеуметтік желі месенджерлеріне мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары бұдан әрі жалғасады.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алматы облысында ағымдағы жылдың 12-30 маусым аралығында «Алаяқтыққа жол жоқ» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оның түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара аясында Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары әкімдіктерімен, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесе отырып, халықпен кездесулер ұйымдастырды.

Түсіндіру жұмыстары барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері – жалған интернет-дүкендер, «банк қызметкерлері» атынан қоңырау шалатын алаяқтар, инвестициялық алаяқтық және әлеуметтік желілер арқылы алдау тәсілдері туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, алаяқтықтың алдын алудың негізгі қағидалары түсіндірілді: бейтаныс нөмірлерден түскен қоңырауларға сенбеу, жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және интернет арқылы сатып алу кезінде тексерілген платформаларды қолдану ұсынылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

– Интернет-алаяқтар әртүрлі психологиялық тәсілдер арқылы азаматтарды алдауға тырысады. Сондықтан әрбір адам өз киберқауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл бағытта алдын алу – басты құралымыз, – дейді Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері.

18 июня 2025
ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ПОЛИЦЕЙГЕ ОҚИҒА КУӘГЕРІ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Ұзынағаш ауылындағы жанармай бекетінде өртеніп жатқан көлікті өшірген полиция қызметкеріне оқиға куәгері Гүлзира Садапова алғыс білдірді.

Оқиға 10 мамыр күні, Ұзынағаш ауылында болған. Қызметтік аумағын бақылап жүрген патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқайды. Жағдайдың қиын екенін және жарылыстың қаншалықты қауіпті екенін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылды.

Айта кету керек, егер ешкім әрекет етпегенде, жалын жанармай сақталған резервуарларға жетіп, зардабы ауыр болуы мүмкін еді.

Полиция қызметкерлері өрт және жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

18 июня 2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАҒА ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін, Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев республикалық телеарнаға есірткіге қарсы күрес жұмысы туралы егжей-тегжейлі сұхбат берді.

Облыстың бас полицейі өз сөзінде есірткі қылмысына қарсы күрес Алматы облысында күн сайын жүргізілетінін, бұл жұмыс – өңірлік полиция департаментінің басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Мысалы, бір ай бұрын біздің қызметкерлер Талғар ауданында Қазақстандағы ең ірі есірткі зертханасын жойды. Тінту кезінде 140 келіге жуық дайын мефедрон мен 8 тоннадан астам прекусор тәркіледі. Бұл өте орасан зор көлемдегі көрсеткіш.
Біздің полицейлердің тыңғылықты жұмысының арқасында осылайша жалпы сомасы 3 миллиард теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам дозасын айналымнан алып тастадық,– деді облыстық полиция Департаментінің бастығы. Сонымен қатар, осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында есірткіге қатысты

89 құқық бұзушылықты анықталған. Оның 52-сі қылмыс және 37-сі есірткіге қатысты құқық бұзушылық. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 84,7% құрап отыр. Осылайша, бас-аяғы 1 тонна 92 кг 403 грамм есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде: 164 килограмм 769 грамм синтетикалық есірткі, 18 килограмм 139 грамм марихуана, 242 грамм героин, 9 килограмм 253 грамм гашиш, 900 килограмм қарасора.

Социальные сети
Instagram
ВКонтакте
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы