

1994 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2006 жылы – ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
1989 жылы Қарағанды қаласы Киров аудандық атқару комитеті жанындағы ІІБ-де моторландырылған милиция взводының милиционері ретінде қызметін бастаған.
1990-1992 жылдары – КСРО ІІМ Тюмень жоғары мектебінің тыңдаушысы.
1992-1994 жылдары – ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы.
1994-2002 жылдары – Қарағанды облысының бөлімшелерінде тергеуші, жедел кезекші, жедел уәкіл, аға жедел уәкіл қызметтерін атқарған.
2002-2012 жылдары – Көліктегі ІІБ, ІІББ, Ақмола облысы ІІД бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Павлодар және Қостанай облыстары бойынша департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған.
2014-2020 жылдары – ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінде, сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстары ІІД-де басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
2020-2022 жылдары – ҚР ІІМ ҚАЖК бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.
2022-2024 жылдары – Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2024 жылдың мамыр айынан қазанға дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылдың қазан айынан – Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы.