Ақтөбеде «Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық слеті өтті

Ақтөбеде «Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық слеті өтті

 Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта «Жол қозғалысының жас инспекторы» атты дәстүрлі облыстық слет ұйымдастырылды. Іс-шараны облыстық білім басқармасы мен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы өткізді.
Слеттің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімін жетілдіру. Іс-шара барысында жол-көлік жарақаттарының алдын алуға мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен қоғамдастықтың назарын аудару көзделді. Сондай-ақ, мектептер мен жас инспекторлар жасақтарының қауіпсіздік саласындағы үздік тәжірибесі қорытындыланды.
Слетке облыстың 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан келген барлығы 91 оқушы қатысып, 13 команда жарысты.
Қатысушылар келесі 7 номинация бойынша бақсынасты:
1. Бұрғылау шолу (Саптық байқау)
2. Жол жүру ережесін білушілер сайысы
3. Велосипедті мәнерлеп жүргізу
4. Жас жол реттеуші
5. Жас санитар
6. Эрудиттер бәсекесі
7. Үгіт-насихат бригадасы жарысы
       Балалар өздерінің білімдерін, дағдыларынкеремет көрсетті, барлық сынақтардан өтті.
      Өткізілген конкурстардың қорытындысыбойынша және қазылар алқасының шешімі негізінде үшінші орынды Темір ауданы Шұбаршы ауылының»Айқын» командасы, екінші орынды Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының №3 ОМ»Бағдаршам» командасы, ал бірінші орынды Ойыл ауданынан Ш.Бекмұхамбетова атанған мектеп —гимназиясының «Ақ Орда»   командасы иеленді.
      Марапаттау рәсімі мерекелік атмосферадаөтті. Көптеген балалардың кумирі «Ақтөбе» ФКфутболшыларының —іс-шараға қатысуықатысушыларға ерекше қуаныш сыйлады.Спортшылар балаларға естелік сыйлықтар табыс етті: қолтаңбалы шарфтар мен футбол доптары.      
        Облыстық жол қозғалысы жас инспекторлары слетінің жеңімпазы республикалық слетке қатысады.