Ақтөбе полицейлері тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ақтөбе полицейлері тыл ардагерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов ішкі істер органдарының ардагері, тыл еңбеккері Бақыт Базарғалиұлы Ғизатовқа арнайы барып, құрмет көрсетті.

Ардагер үйінің ауласында шағын мерекелік іс-шара өтті. Полицейлер "Жеңіс күні" және "Катюша" сияқты әйгілі соғыс жылдарындағы әндерді орындады және жеңімпаздар ұрпағының ерліктерін құрмет көрсетіп салтанатты шерумен өтті.

Департамент басшысы ардагердің соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен құқық қорғау саласындағы көпжылдық қызметі үшін шынайы алғыс білдірді.

– Басшылық пен барлық жеке құрам атынан Сізді Жеңіс күнімен құттықтаймын. Сіздерге елге сіңірген еңбектеріңіз, табандылық пен батылдықтарыңыз үшін мәңгілік қарыздармыз. Сіздің Отанға деген адалдығыңыз – жас ұрпаққа үлгі, – деді Абай Жусупов.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас қызметкерлер арасында патриоттық тәрбие мен тарихты құрметтеуге ықпал етеді. Өз кезегінде ардагер көрсетілген ілтипат үшін ризашылығын білдіріп, полиция қызметкерлерімен емен-жарқын әңгімелесті.

Полицейлер соғыс жылдарындағы ерлік пен тылдағы жанқиярлық еңбекті ешқашан ұмытпай, мұндай ардагерлерге әрдайым құрмет көрсететінін атап өтті.