Полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жай-күйін ата аналар мен педагогтар құрамымен бірге талқылады

Полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жай-күйін ата аналар мен педагогтар құрамымен бірге талқылады

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, олардың алдын алу бойынша қабылданған шаралар және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2025 жылғы 6 мамырда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің және білім басқармасының басшылығы өңірдегі білім беру мекемелерінің басшыларымен және ата-аналармен кездесті.

Кездесу барысында жасөспірімдер қылмыстарының жай-күйі мен себеп-салдарын талдай отырып, ПД бастығының орынбасары Ардана Саймагамбетов қылмыс жасауға бейім жасөспірімдерді әлеуметтендіру, ересектердің жауапкершілігін арттыру, балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар білдірді. Ақша тапқысы келген жастардың синтетикалық есірткінің таратуға тартылуы және балалардың жол-көлік жарақаттылығы, буллинг сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер де полицейлер назарынан тыс қалған жоқ.

Сондай-ақ, талқылау барысында полицейлер мен білім басқармасының өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.

Шара соңында полиция қызметкерлері жастардың болашағы жарқын, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қол сұғушылықтардан аулақ болуы мақсатында ата-аналар мен білім беру ұйымдарын ынтымақтастықта жұмыс жасауға, балаларды әрдайым назардан тыс қалдырмауға шақырып, полицияның көмекке келуге және өзара іс-қимыл жасауға әрдайым дайын екенін жеткізді.