Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде халқымыздың дана да дара ақыны, ғұлама ойшылы әрі сазгері Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті.
Байқауды ашқан Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Апсеттаров Рустам Русланұлы өз сөзінде:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын, тамаша шығармаларын, жалынды жырларының әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі», — деп атап өтті.
Байқауға Департаменттің әртүрлі бөлімшелерінен 10 қызметкер қатысып, ұлы ақынның даналығын, рухани мұрасын кеңінен насихаттап, өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін әсерлі де көркем оқып шықты.
Жеңімпаздар:
•  1 орын – ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы, отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы
Көрпешева Әйгерім Нұрмұханқызы
•  2 орын – Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы №2қалалық полиция бөлімінің штаб аға инспекторы
Нұрова Гүлдана Дәулетқызы
•  3 орын – Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы №4 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы
Жайкенов Әсет Рамазанұлы
Арнайы номинациялар иегерлері:
•  «Көрермен көзайымы» – ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері, полиция аға лейтенанты
Жансерік Наубек
•  «Басты рөлді сомдағаны үшін» – Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы №2 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты
Жеңісов Әділет Жеңісұлы
•  «Көркемсөз оқу шебері» – Ақтөбе қаласы ПБ штаб инспекторы, полиция капитаны
Болатбаева Мөлдір Жәнібекқызы
• «Үздік ұлттық киім» – ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы
Байқау Абай мұрасын ұлықтаумен қатар, полиция қызметкерлерінің рухани-мәдени дамуына, өнерге деген ықыласына жол ашты.