Жақында Ақтөбе қаласында алаяқтық оқиғасы орын алып, оның құрбаны 49 жастағы әйел болды. Оның телефонына WhatsApp қосымшасы арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін “Әділет министрлігінің” қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы алаяқтар оның атына несие алуға тырысып жатқанын және оны тоқтату үшін өз атына несие рәсімдеп, ақшаны “қауіпсіз” шотқа аудару керек екенін айтқан.
Қаскүнемнің сөзіне сенген әйел екі банктен ақшалай несие рәсімдеп, алаяқтың нұсқауымен белгісіз шотқа 5 миллион 700 мың теңге аударған.
Полиция департаменті азаматтарға мұндай алаяқтық схемалары жиі кездесетінін ЕСКЕРТЕДІ. Азаматтарды қырағы болуға және ақша аударуды немесе жеке ақпарат беруді талап ететін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырамыз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе күдікті қоңырау шалсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Есіңізде болсын, сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз сіздің қырағылығыңыз бен сақтығыңызға тікелей байланысты.