Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласынан келген. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің ұялы ұялы телефонын жасырын ұрлаған. Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды.
1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды.
Баласының тәрбиесіне бейжай қараған ер адам 5 (бес ) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық ата-аналарды бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.