Ақтөбе облысы Полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 28 наурызында тәлімгерлер кеңесінің департамент басшылығымен және жеке құрамымен есептік кездесуі өтті. Бұл кеңес полиция жүйесінде орасан зор тәжірибесі бар ішкі істер органдарының ең беделді және құрметті ардагерлері қатарынан құрылған.
Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов тәлімгерлер кеңесінің көп қырлы жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ақсақалдардың жастарға берген тәжірибесі, полицияның кәсіби өзегін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда бастамашылдығы үшін алғысын білдірді.
Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бұрынғы бастығы Жақсылық Нысаналин кеңестің 2024 жылы атқарған жұмысы туралы баяндады.
- Ішкі істер органдарындағы тәлімгерлік - жас және жаңадан келген полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды нысаны болып табылады. Қызметтік және өмірлік тәжірибесі мол, жоғары кәсіби шеберлік пен адамгершілік қасиеттерге ие тәлімгер, әдетте, жас қызметкерлер үшін үлгі болып табылады, – деп атап өтті тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Нысаналин.
Отырыста ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Полиция ардагерлері алдағы кезеңге қойылған міндеттерді айқындап, ведомствоның дамуы мен жетілуіне көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.