Ақтөбеде дәрігер алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған

Ақтөбеде дәрігер алаяқтарға бір күнде 14 рет ақша аударған

Полицияның жүйелі түрде ескертулеріне қарамастан, аңғал азаматтар кибералаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда.Өздерін түрлі құзырлы мекемелердің «қызметкері» ретінде таныстырған қаскүнемдер танымал схема бойынша әрекет етеді.
5 сәуірде Ақтөбе қаласы тұрғынының телефонына белгісіз адамдар “WhatsApp” мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, 7 миллион теңге сомасындағы қаражатын заңсыз иеленген.
Алаяқтар жәбірленушіге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын және оларды тоқтату мен қолға түсіру үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажет екенін айтқан. Әйел қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, бір күн ішінде қаладағы 3 банкке барып, өз атына жалпы сомасы 7 миллион теңгеге несие рәсімдеген.
Дәрігер әйел бұл ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға терминал арқылы 14 рет аударған. Үш күннен кейін алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген әйел полицияға арызданды.
«Полиция қызметкерлері өңірдегі барлық мекемелерді, оның ішінде медициналық мекемелерді де аралай отырып, алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күн сайын жүргізіп, дабыл қаққанымен, өкінішке орай азаматтар әлі де өз еркімен алаяқтарға ақша аударуда. Банк қызметкерлері “WhatsApp” мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, ақшаны аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз» - дейді Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук